Мәдениет және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасына ұтып алынған лицензияның саны аз екенін мойындады.«Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы спорттың 18-20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр. Осы тұста айта кету керек, биыл Олимпиадаға арнайы ақша бөлінген жоқ. Былтырғы қаражатпен шығып жатырмыз», - деді ол.Айтуынша, Қазақстан құрамасының қолында қазір спорттың 13 түрі бойынша 33 лицензия бар. «Бізден бәрі қанша жүлде алатынымызды сұрайды. Шыны керек, жағдайымыз мәз емес. Өйткені Токио Олимпиадасының алдында бізде 45 лицензия болған. Сондай жұмыстарымыз болып тұр.Ұлттық құрама Олимпиадаға дейін тағы 40-тан астам лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысады. Қолдан келгенді жасап жатырмыз», - деді ол.