ЭРО деп аталатын сирек кездесетін ауру қазақстандықтың бойынан табылды

Экстра-реналь-ды экстра-крани-альді раб-доидты ісік яғни қысқаша ЭРО деп аталатын сирек кездесетін ауру қазақстандықтың бойынан табылды. Балалар онкологиясындағы қатерлі ісік өте агрессивті мінез-құлықпен әрі жылдам метастазбен сипатталады. Әлем бойынша бұл дертке екі-ақ адам шалдыққан.ЭРО деп аталатын ісіктің бірі Америкада, екіншісі елордалық 3 жастағы Марьям Байлинадан анықталған. 2 жыл бұрын қыз баланың оң жақ қолы қақсап, 10 ай бойы Астанадағы орталықта 9 химиотерапия мен 28 сәулелік терапия алып, жағдайы сәл-пәл жақсарған. Ол кездегі диагноз өзге еді. 3 айдан соң қайта тексерілгенде метастаз анықталып, ауру асқына түсті. Отбасы мен туыстары дереу қаражат жинап, қосымша қор ашып, Марьямды Түркияға жіберді. Әлемдегі үздік дәрігерлердің бірі бірден баланы мазалаған ауруды дөп тапты. Гүлстан БАЙЛИНА, М.БАЙЛИНАНЫҢ ӘЖЕСІ: Дұрыс диагноз қойып берсе екен деп, Турцияға жібердік. Метастаз кетпеу үшін, тез ем қабылдауымыз керек деді. Ребенок может не выжить деді. Бүкіл халқыма мың алғысымды білдіргім келеді. Аяқ астынан қаншама сбор жасап, беріп жатыр шамалары келгенше, сол жаңағы 1 химияға жетті. Кім ойлады немерем ауырады деп. Кішкентай ғана қызымыз өмір сүру керек деп ойлаймын. Бүгінде Марьям анасымен Түркияда 1 химиотерапияны алып болды. Әлі бесеуі бар. Яғни жарты жыл бойы Ыстамбұл дәрігерлері дерт дендеген балаға дем беруге тырысады. Тиісті қаражат жиналса, әрине...Кеселмен күресу үшін әлі 12 млн теңгеден астам ақша жетпейді. Тәрбие БАЙЛИНА, М.БАЙЛИНАНЫҢ АНАСЫ: Әр химиотерапиядан соң 21 күн өз өзіне келу керек. Химиотерапиядан кейін тәбеті жоқ әрі жүйке жүйесіне әжептеуір әсер етіп жатыр. 3 күн сайын анализ тапсырып, жағдайын тексереді. Әлі жобамен жарты жылдай емделу керек. Қазақстанда диагноз алғашқыда дұрыс қойылмады. Қайта тексерілгенде метастаз анықталды деді. Яғни ол диагнозы да дұрыс болмай шықты. Оны мұнда Түркияда бірақ білдік. Даир НҰРҒАЛИЕВ, «UMC» КҚ «АНА МЕН БАЛА» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОНКОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Балада рецидив. Түркияда рабдоидті ісіктің өте қауіпті түрін анықтады. Ол жақта көрсетіліп жатқан химиотерапияны біз де жасай аламыз. Қажетті барлық дәрі жеткілікті. Ата-анасы Түркияда баруды жөн көрді. Әйтпесе, өзіміздің де емдейтін мүмкіндігіміз бар. Қаласа, еш мәселе туындамайды деп ойлаймын. Ем алып жатқан жерінен бүлдіршінді анда-мында қозғауға да болмайды дейді түркиялық мамандар. Жағдай кез келген сәтте ушығып кетуі бек мүмкін, өйткені лейкоциттері түсіп кеткен. Сол себепті жақындарының қалауы ем-домды аяғына дейін жеткізу. Әзірге қаражат жіберіп, амандығын тілегеннен басқа амал жоқ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
Қазақ файтері ресейлік қарсыласын әзер жеңіп, титулын қорғады (ВИДЕО)
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда екі көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті
24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Семейде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық ашылды
Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназия 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Ультрадыбыстық зерттеу денсаулыққа зиян келтіретіні рас па?
Елімізде жалға берілген пәтерді жекешелендіруге рұқсат етіледі