Түнгі 12-ден кейін «тыныштық» күні басталады. Ертең, яғни 18 наурызда үгіт-насихат жүргізіп, заңды бұзған жағдайда құқықтық жауапкершілік көзделген. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді. Конституцияға сай сайлау күндері де үгіт-насихатпен айналысуға тыйым салынады. Сайлау комиссиялары мен дауыс беру учаскелерінен өзге жерлерге бұған дейін жапсырылған үгіт парақшалары өз орнында қалады. Сондай-ақ сайлау күні аталған нысандарда сауалнама жүргізіп, көпшіліктен пікір жинауға рұқсат жоқ. Дауыс беру құқығын бөгде адамға беруге болмайды.ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ: Ертең, 18 наурызда және дауыс беру күні – 19 наурызда кез-келген үгіт жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 32-бабы). Сонымен қатар 14 наурыздан бастап БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Яғни сауалнаманы дауыс беруге арналған үй-жайда немесе бекетте жүргізуге болмайды («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы)