"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.Синоптиктердің болжамынша, оңтүстік циклон және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктерге байланысты ҚР аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел тұрады деп күтіледі. Республикамыз бойынша желдің күш алу құбылысы тән, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыс, солтүстік өңірде тұман болады.