Ертең Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 7-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 7 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, жоғары өрт қауіпі сақталады. 7 тамызда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде жылдамдығы секундына 17-22 метрге, екпіні 28 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта 7 тамызда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. 7 тамызда күндіз Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 7 тамызда күндіз 36-38 градус аптап ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады. 7 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 7 тамызда күндіз 35 градус аптап ыстық болады. 7 тамызда Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстіктен жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 7 тамызда найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды, төтенше өрт қаупі сақталады. 7 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкентте 7 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түркістанда 7 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 7 тамызда Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Желдің бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 7 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. 7 тамызда түнде Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Кокшетауда 7 тамызда түнде найзағай ойнайды, жоғары өрт қауіпі сақталады. 7 тамызда Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі. 7 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған 7 тамызда найзағай ойнайды. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады. 7 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскеменде 7 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады. 7 тамызда кей уақыттарда Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде жылдамдығы секундына 15-20, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қаласында 7 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. 7 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-41 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 7 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. 7 тамызда түнде Қызылорда облысының батысында, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, орталығында найзағай кезінде жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 7 тамызда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады. 7 тамызда күндіз Костанай облысының батысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 23 м/с-ке жетеді. облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанайда 7 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді. 7-08 тамызда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, 9 тамызда таулы аудандарында найзағай ойнайды, 7-8 тамызда күндіз бұрша жауып, дауыл тұрады. 7-9 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 7-9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 7-8 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, дауыл тұрады. 7-сі күндіз, 8-ші тамызда тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 7-9 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді