Елімізде телеарналар мен радиолар 19 шілдеде сағат 17:00-ге дейін жоспарлы профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазтелерадио" АҚ-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды."Қазтелерадио" АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізетінін мәлімдеді."Осыған байланысты, 2023 жылғы 19 шілдеде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің телерадио хабарларын таратуын өшіре отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлаймыз", - деді компания өкілдері.Сондай-ақ "Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін көрермендер мен тыңдармандардан кешірім сұрайтынын жеткізді.