Елімізді биыл екінші мәрте «Ұлы дала жорығы» республикалық марафоны басталады. Жарыстың салтанатты ашылуы 5 қыркүйекте елорданың «Қазанат» ипподромында Мәдениет және спорт министрлігі мен «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өтеді. Дүбірлі шараға еліміздің әр өңірінен жиналған 20 команда бойынша 100 шабандоз қатысады.Марафон 6 қыркүйекте Ақмола облысының Қаражар ауылында басталып, 14 күнге созылады.Қатысушылар 1300 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс. 12 аудан мен 52 елдімекен аумағынан басып өтеді.Марафонға халықаралық судьялар мен жоғары білікті ветеринарлар шақырылған.