Павлодарлық "Ертіс" клубына Николай Гавришты бас бапкер болып тағайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz."Ертіс" футбол клубы баспасөз қызметінің ресми ақпаратына қарағанда, команданың бас бапкері лауазымына Николай Гавриш тағайындалды. Маман Қарағандыда туған, ойыншы ретінде туған "Шахтерінде", содан соң теміртаулық "Болатта" өнер көрсеткен. Амплуа – қорғаушы. Ойыншы мансабын аяқтағаннан соң ол "Шахтер" U-17, "Елімай" мен "Жальгиристе" бас бапкер көмекшісі болып істеген. Оның қызмет еткен уақытында литвалық клуб ел чемпионы әрі Кубок иегері атанды.