Ертіс орманына кіруге тыйым салынды

«Ертіс орманы» мемлекеттік резерватында өрт қауіптілігінің IV класы белгіленіп, орман қорының аумағына адамдардың кіруіне шектеу қойылды. Бұл туралы «Ертіс орманы» резерватының баспасөз қызметінен хабарлады.«Жоғары өрт қауіптілігінің IV класына байланысты «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағына кіруге шектеу қойылады. Азаматтарға жаяу және көлікпен кіруге болмайды. Қарағай ормандарын өрттен сақтау – әр азаматтың парызы. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа ұқыпты қарауға және өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамыз», деп мәлімдеді. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған кінәлі тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Резерват аумағында хазірет Ғабдұл-Уахит Тіленшіұлының кесенесі орналасқан. Мамандар өрт қаупі күшейген уақытта оған арнайы рұқсат қажет болатынын айтады.- Жоғары өрт қауіптілігінің IV класы туындаған уақытта кесенеге барушылар әуелі Садықащы орманшылығына барып, арнайы жолдама алуы керек. Ол кесенеден шамамен 5-6 шақырым жерде орналасқан. Біз осылайша резерват аумағына келушілерді бақылай аламыз. Ал келешекте үлкен жолдан Ғабдұл-Уахит Тіленшіұлының кесенесіне бұрылатын жерге өткізу бекетін орнату жоспарда тұр, - дейді «Ертіс орманы» мемлекеттік резерватының табиғи кешен және нысана қорғау бөлімінің басшысы Қобыланды Атығаев.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды