Ертіс өзенінде ШҚО ТЖД қызметкерлері кәмелетке толмаған баланы құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.ТЖМ мәліметінше, 11 жастағы балалар су қоймасының жанында ойнап, мұз үстіне шыққан. Нәтижесінде мұз бөлініп, жағадан 3 метрге жүзіп кеткен. «Құтқарушылар Смағұлов Шыңғыс пен Тұрғанов Ринат хабарлама алып, дереу көмекке аттанды. Оқиға орнында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құтқару арқаны арқылы жағаға аман-есен жеткізді. Балаларға медициналық көмек қажет болмады», - делінген хабарламада. ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға және мұздағы барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.