Ертіс өзеніне батып, тынысы тоқтаған жасөспірімді көз дәрігері аман алып қалды

Шілде айында семейлік офтальмолог-дәрігер Айнұр Садырбалина Ертіс өзеніне батып, ес-түссіз күйде жағаға шығарылған баланың аман қалуына себепкер болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Сол күні өз балаларымен демалуға барған білікті маман тынысы тоқтап, денесі көгерген оқушыға шұғыл медициналық көмек көрсете алды. Осы ерлігі үшін Айнұр Садырбалина арнайы медальмен марапатталды.Бұл туралы Абай облыстық ТЖД Instagram парақшасында хабарлады.Оқиға биыл 13 шілдеде Семейдің Затон ауданы бөлігіндегі Ертіс өзенінің жағасында болған.Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің қасында оның кәмелетке толмаған ағалары да суда бірге түсіп жүрген. Олар суда өзара ойнап жүріп, інілерінің суға батып кеткенін байқамай қалған. Оны жақын маңда суға түсіп жүрген басқа бала кездейсоқ байқаған. Үлкендер оны жағаға алып шыққанда жасөспірім ес-түссіз күйде болған.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні балаларымен демалып жатқан Айнұр Садырбалина көмекке шақырған дауысты естиді. Ауа температурасы 45 градустан асып жығылған жаздың сол бір аптап ыстық күнінде жағажайда демалушы қарасы көп болған. Көмек сұраған айқайды естіп, Айнұр шоғырланған адамдар тұрған жерге қарай дереу көмекке ұмтылған."Оқиға орнына жеткен ол жерде жатқан жасөспірімді және оған алғашқы көмек көрсетпек болған ер адамды көреді. Көрсетіліп жатқан көмекке қарамастан оның дене терісі көкшіл реңк тартып, тынысы тоқатаған екен. Әлпетінен суға батқан адамның барлық белгілері байқалған. Осы сәтте Айнұр байсалдылық танытып, жасөспірімге бірден жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Сол қиын сәтте сәл кешігудің өзі баланың өміріне орасан зор қауіп төндіруі мүмкін еді", - делінген ТЖД хабарламасында.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Меценат Азамат Доланбаевқа іздеу жарияланды
Су добынан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында қола алды
Карло Анчелотти «Реалдың» жеңілісін түсіндірді
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
«Үйде тыныш жатсам да, маза бермейсіздер»: Ерке Есмахан босануына қатысты сұрақтың астына алғандарға жауап қатты
Мәскеу облысындағы сауда орталығында ер адам адамдарға оқ жаудырды
Абай облысында 45 елдімекенді су басу қаупі бар
«Кикбоксинг, семсерлесу, гимнастика»: келесі аптада Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар кестесі жарияланды
Атырауда ғимараттан мәйіт табылды
Аяз, қар және тұман: Қазақстанның қай облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ресейде бәз біреу сауда орталығында күзетшілерді атқан: үш адам жарақаттанды (ВИДЕО)
Ең нашар газет – өте сыпайы газет
Ақтөбе облысында 7 адам мінген алты көлік қар құрсауында қалып қалды
Алғаш рет ораза ұстағандар нені білу керек
Түркістан облысында үшем туған анаға 3 млн теңге берілді
«Екеуі не үшін жабысып тұр»: рэпер Тұрар Ыдырыстың саханадағы ерсі қылығы жұртты ашуландырды (ВИДЕО)
Астанада пәтерде қамалып қалған 3 жасар бүлдіршін құтқарылды
Оразаның ғибраты
Абхазияның жаңа президенті сайланды
Қазақстандық спортшы Нидерландта өткен жарыста бірінші орын алды
Евгений Кошкин әлем кубогында тағы да ешкімге дес бермеді
Абай облысында 45 елді мекен су астында қалуы мүмкін
Әкесі ұлын көк ала қойдай етіп сабап, суға батырмақ болған