Ерұлан Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын ең көп игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.Оның атап өтуінше, 9 айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 99,3, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,6, жергілікті бюджеттердің шығыстары 99,5 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 16 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. «Атқарылмау 70 млрд теңгені құраса, оның ішінде үнемдеу – 16 млрд теңге. Игерілмегені – 54 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және басқалары», - деді министр. Ерұлан Жамаубаевтың дерегінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны - 49 млрд теңге. «Биыл өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қазанға 1 трлн 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 17 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында қалыптасты», - деді министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Бетімен кетіп барады“. Депутат Мұқаев қымбатшылық қысқанын айтып, дабыл қақты
ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамдарды іздеп тапты
Бектенов техникалық мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін айтты
Қай жағдайларда "Сергек" жүйесі жол ережесін бұзғандарды түсірмейді?
9 жастағы қыз бен 35 жастағы ер адамның үйлену тойының бейнесі тарады
Nokia бренді смартфондар нарығынан кетіп барады
Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы туындауы мүмкін бе?
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Биыл Алматыда қанша шақырым жол жөнделеді
Алан Құрманғалиев WTT Youth Contender турнирінің келесі кезеңіне шықты
ТЖМ құтқарушылары жоғалған адамдарды іздеп тапты