Қарақалпақстанның Еллікала облысының тұрғыны 2 шілдеге қараған түні есегін ағашқа байлап, онымен жыныстық қажеттілігін қанағаттандырған. Бұл процесті ер адамның танысы көрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. Бұл туралы ақпарат зорлық-зомбылыққа қарсы Nemolchi.Uz парақшасында пайда болды. 7 шілдеде сот ер адамды Әкімшілік құқықбзушылық туралы кодекстің 111-бабының 1-бөлігі бойынша жануарларға қатыгездік жасағаны үшін және 183-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 тәулікке қамауға алды.Басқа елдерде мұндай әрекетке қандай жаза қарастырылған?Германия - үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 25 мың еуро айыппұл төлеу;Біріккен Корольдік - бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5000 фунт стерлинг айыппұл;Италия - үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 3-16 мың еуро көлемінде айыппұл төлейді. Қазақстанда жануарларға қатыгездік танытқандар Қылмыстық кодекстің 316-бабы (Жануарларға қатыгездiкпен қарау) бойынша жазаланады.