Өскеменде Гагарин көшесінде тұрған көлік салонының есігі абайсызда жабылып қалып, ішінде бір жасар бала қамалып қалды. Баланың анасы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі gov.kz-ке сілтеме жасап.Оқиға орнына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылар келіп, құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы алып шықты.ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады."Мұқият болып, балаларды бір сәтке болса да қараусыз қалдырмаңыздар. Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыздар", - делінген хабарламада.