«Ешкім сырттан келдіңдер деп итерген жоқ», - қандас

Атырауға Ресей Федерациясынан көшіп келген қандастардың саны былтыр 10 есеге артқан. Тарихи Отанына оралған этникалық қазақтардың басым көпшілігі елдің азаматтығын алып, тұрақтап қалуды көздейді дейді мамандар. Сондай-ақ соңғы кезде Өзбекстаннан қоныс аударған қандастар көбейген.Рузанна Тоқсанбаева былтыр қандас мәртебесін алған. Қазақстанның азаматтығына құжат тапсырып қойыпты. Ресейдің Астрахань облысынан жолдасының жұмысы бойынша көршілес Атырауға уақытша көшіп келген. Алғашында 2-3 ай ғана боламыз деп ойладық дейді күліп. Бірақ Қазақстандағы тұрақты жұмыс, қолжетімді қызмет, мейірбан халық пен алаңсыз өмір ұнағандықтан, тарихи отанда қалуды ұйғарыпты. Жастардың бұл шешімін Ресейдегі ата-анасы да қуана қолдаған. Рузанна ТОҚСАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бізге ешқандай қиындық та, кедергі де болған жоқ. Ешкім сырттан келдіңдер деп итерген жоқ. Ондай сөзді естімедік. Қазақстан өте қонақжай. Адал, достық пейілмен келсе, құшағын жаяды. Мемлекеттік органдар құжатымызды көппен бірге қабылдады. Басына баламда Реседің туу туралы куәлігі болды. Тіркелдік, мектепке бердік. Сыныптастары білді Ресейден келгенін. Мектепте де буллинг болған жоқ. Жайлы жерде оқып жатыр. Қазақша үйренуде. Болашағымызды Қазақстаннан көреміз. Рузанна ресейлік достарының да Қазақстанға тұрақтауға қызығушылық танытып, құжаттар қалай жинауға болатынын жиі сұрайтынын жасырмайды. Жалпы былтыр Атырауға шетелден көшіп келген қандастарымыздың саны артқан. Мәселен, 2021 жылы 9 адам қоныс аударса, былтыр 340 отбасы, 431 адам келген. Оның 150-сі Ресей Федерациясынан. Биыл қандас мәртебесін алған 78 адамның 21-і Ресейден,- дейді мамандар. Мейрамбек АЛДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Олар қандас мәртебесін алғанан кейін басқармаға келіп, біздерден әрі қарай қандай құжаттар жинау керектігін, сол бойынша азаматтық алғысы келетінін айтып кетеді. Біздер айтамыз көші-қон басқармасына барып, құжаттар тапсырып, азаматтық алуға болатынын ескертеміз. Елге қоныстанған қазақтар ел экономикасының сан саласында еңбек етіп жүр. Мәселен Рузанна мен жолдасы белді компанияда инженер. Тіпті кейбір қандасымыз болашақта кәсіп ашу үшін «Бастау бизнес» бағдарламасымен оқып жатыр екен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
“Кездесуге ешкім шақырмайды“. Назым Қызайбай жеке өмірі туралы
Алматыдағы тұңғыш қазақ мектебіне 100 жыл толды
2027 жылдан бастап балабақшаларға лицензия берілуі мүмкін
«Әлеуметтік әмиян» сервисінің көмегімен 560 мыңнан астам дәрі-дәрмек тегін берілген
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты