Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жөндеу жұмыстары аяқталған 7 жасар ұлының пәтерін көрсетті. Әнші пәтердің жөндеу жұмыстарына 20 млн теңге жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова ұлына 60 миллионға жаңа пәтер алып бергенін айтқан болатын. Әнші Instagram парақшасында пәтердің жөндеу жұмыстарын аяқтағанын хабарлады."РумТур! Пәтер алып, ремонт жасап толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін жаңа! Есесіне: 60 млн+20 млн=80млн. Ешкім тұрмайды, біз жер үйде тұрамыз", - деп жазды әнші.