“Ешкімге айта алмай, барамын тұншығып”: Екі баласын өлтірген әйелдің соңғы жазбасы тарады

Келіншек екі баласы мен өзінің қолын суретке түсіріп, жазба жариялаған.Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Qamshy.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Түркістан облысында жантүршігерлік оқиға орын алған болатын. Шиелі ауданындағы Пушкин атындағы №46 мектеп лицейде тәрбиеші болып жұмыс істеп келген 31 жастағы әйел 6 ақпанда ешкімге ескертпестен үйінен екі баласын алып, Түркістан қаласына кетіп қалған. Сонда пәтер жалдап, ертесіне, 7 ақпанда 2 баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген, деп күдіктелуде. Осы оқиғаның алдында келіншек өзінің Instagram парақшасына балалары мен өзінің қолының суретін салып, «Жүректеріміз мәңгі бірге» деп жазыпты. Оған Нұрмахан есімді әншінің «Бізге берілген уақыт аз ғана» деген әнін қосқан. Әннің мәтінінде: «Ешкімге айта алмай, Барамын тұншығып. Мың түрлі сынақтан, Өте алмай жүрміз күрсініп. Тағдырға босқа қырсығып, Бізге берілген уақыт аз ғана», деген сөздер бар. Келіншекті жақсы танитын достары, сыныптастары мен сынып жетекшісінің сөзінше, ол толыққанды отбасынан шыққан, қайын жұртының тұрмысы жақсы, өзі өте ақкөңіл, жүрген ортасын күлдіріп жүретін ашық мінезді, қонақжай әрі балаларын қатты жақсы көретін әйел. Ешқандай диспансерлік есепте тұрмайды. Мұндай қылмысқа барады деп ешкім ойламаған. Қазіргі уақытта адам өлтіру фактісі бойынша барлық мән-жайларды анықтау мақсатында тергеу жүргізілуде.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмды
Белгілі абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы қайтыс болды
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Қайрат Нұртастың әйелі бір ай бойы басқа қалада тұратынын айтты
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды