Ескі биліктің тұсында ұлттық идеологияға мән берілмеді – депутат

«AMANAT» фракциясының мүшесі, депутат Аманжол Әлтай Мәжіліс отырысының кулуарында жат ағыммен күресудің жолдарын айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.«Жаңа мен депутаттық сауалымда да айттым. Ұлттық идея толығымен жұмыс істеуі керек. Идеологиялық жұмыстар болуы керек. Телеарналарда біздің зиялы қауым өкілдері идеологиялық жұмысқа атсалысуы керек. 30 жылдың ішінде, кешегі ескі биліктің тұсында ұлттық идеологияға мән берілмеуінің, ұлттық құндылықтарға назар аударылмағанының салдарын бүгін көріп отырмыз. Сондықтан заңнамалық тұрғыда талапты қатайтып, идеологиялық жұмысты күшейтіп, төл мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді күшейтуге көңіл бөлсек, сонда ғана жөн түзеледі», - деді Аманжол Әлтай. Депутат атағандай, отбасы мен мектептегі тәрбиені қолға алу керек. Тақырыпқа орай: «Уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайды»: депутат кейбір лауазымды қызметкер жайлы «Ол ұлттық тәрбие мәйегінде болуы керек. Сонда ғана біздің балаларымыз жат ағымдардың жетегінде емес, кешегі ғасырлар бойы жалғасқан ұлттық құндылық негізінде тәрбиеленіп өседі. «Ұлтым» дейтін намысты ұлдарды тәрбиелегіміз келсе, инабатты, ұлтқа үлгі болатын қыздарды тәрбиелегіміз келсе, ата-абадан жалғасқан ұлттық тәрбиені насихаттауымыз керек», - деді депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ешкімнің басына бермесін»: Балжан Бидаш марқұм Шерзат Полаттың отбасына алаңдаушылық білдірді
Жамбыл облысында жолдың бойында жүк көлігі өртенді
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды
«Шұбар» қосалқы станциясындағы жағдай: жедел бригадалар жұмыс істеп жатыр
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі ашылды
Ертең елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Кабель желісін ұрлап кеткен: астаналықтар жарықсыз отыр
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
«Ақылды болма»: Қарағандының әкімі желідегі пікірі үшін жазаланды
Бухарест қаласындағы олимпиададан Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды
«Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» жарық көрді