Ескі Қазақстанның өкілдері заңсыз тартып алған бизнесті иелеріне қайтару ұсынылды

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров рейдерлік күшпен тартып алынған бизнесті иелеріне қайтаруды ұсынды.Мәжілісмен осы мәселеге қатысты сауалын Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдады. Сайыров атап өткендей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарынан негізсіз қысым жасалған кәсіпкерлердің құқықтарын сақтауды үнемі айтып келеді. Зардап шеккен кәсіпкерлердің ақпараты бойынша 2000 жылдардан бері Ескі Қазақстанның адамдары ұлттық буржуазияның табысты бизнесін рейдерлік күшпен тартып алуды жүйелі жолға қойған. Билік басындағы адамдар өздеріне қатысты жаза қолданылмайтынын пайдаланып, барлық құқықтық және моральдық нормаларды аттап біреудің адал кәсібін астам озбырлықпен тартып алып отырған. Мұндай қара жүйені – Рахат Әлиевпен оның жақтастары қалыптастырған, - дейді ол. Ерлан Саировтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта осындай кәсіпкерлер мен олардың туыстары БАҚ пен ақпараттық ресурстар арқылы өздерінен тартып алынған бизнес пен мүлікті өздеріне қайтаруды талап етіп жатыр. Депутат бірнеше кейсті мысалға келтірді: Бірінші, Нұрлан Бимурзин мен Меғдат Калиев бастаған бір топ кәсіпкер құны 170 млн доллар тұратын ірі бизнесін Ескі Қазақстанның өкілдері қалай тартып алғанын айтты. Оның ішінде, 7 мұнай базасы мен 96 жанар-жағармай станциясынан тұратын мұнай бизнесін 2003 жылы-ақ тартып алған. Ақпарат құралдарына сенсек, Жарқын Курентаев, Шолпан Каренеева, Асқар Утешев басқа да азаматтар жоғарыда аталған адамның ашкөздігінің құрбаны болған. Екіншіден, дәл сол топ Қонаев қаласындағы «СТС» сияқты бірнеше демалыс орындары мен Түркістан облысындағы «Алтын-Бұлақ» санаторийін аяусыз тартып алған. Үшіншіден, рейдерлік басып алу арқылы Қ. Сатыбалды мен оның әйеліне тиесілі топ Алматы қаласындағы «Хилтон» отелін өздеріне заңсыз иемденіп алды. Төртінші, Германия азаматы – Роберт Шумахерден ірі құрылыс компаниясы «ҚазГерСтрой» ЖШС-ты «қара» рейдерлік элементтерімен, қауіпсіздік күштерімен басып алды. Бүгінде аталған компания банкрот, нақты әрекеттерге қарамастан, Роберт Шумахер құрығанда қалған мүлікті де қайтарып ала алмай отыр. Шумахердің басына түскен қиындық мұнымен аяқталмайды. Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорны «Ақ құлын» ЖШС-қа шамамен 7 млн еуро инвестицияланды, 3000 ірі қара мал базасы салынды, техника сатып алынды. Демократия мен нарықтың басты принципі жеке меншікті қорғау принципі! Ешкім адамдардың тапқан-таянғанына қол сұғуына хақы жоқ! Сондықтан Бас Прокуратура аталған азаматтардың экономикалық мүдделерінің сақтауына нақты қадамдар жасап, олардың мүлкін қайтару жөнінде жұмыс істеуге тиіс, - деп айтты депутат Ерлан Саиров.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Щучинскте монша өртенді
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады