Ескі-құсқы вагондардан қашан құтыламыз?

Қазақстандағы теміржол вагондарының жартысына жуығы ескірген. Терезесі ашылмайды, жазда ауа жоқ, қапырықтан кеудең қысылады. Ал қыста іштегі ауа температурасы сырттағы суықтан кем түспейді. Соған қарамастан теміржол билетінің бағасы тағы 7 процентке қымбаттамақ. Ол ол ма, пойыздар уақытынан кешігіп келетіні тағы бар. Ескі-құсқы вагондардан қашан құтыламыз? Аружан Задабек жауап іздеді.Вагондардың сапасын сыртынан-ақ көруге болады. Сырты түтін, іші бүгін болар деп ішіне кірсең, көңіл онан сайын құлазиды. Қолқаны қапқан жағымсыз иіс мазаңды алып, діттеген жерге жеткенше әрең шыдайсың. Дәретхана жайы айтпаса да белгілі. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Пойыздардың, вагон сапасын айта алмаймын енді. Жақсарту керек деп ойлаймын. Өйткені ішкі температурасы салқын, то ыстық. Регулировка жасау керек деп ойлаймын енді. - Пойыз кешігіп келеді. Вагондардың іші енді әр пойыз әр түрлі ғой. - Даламен бірдей. - В основном, ескі вагондар да бар енді. Негізі вагон жөндеу деполарын дамытуға жыл сайын 500 миллион теңге инвестиция салынады. Ал еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларына шамамен 200 миллион теңге бөлінеді. Бірақ доңғалақтары болмаса, оның үстіндегі вагон осынша бюджет қаржысын ақтайды дегенге сену қиын. Бұған вице-министр не дейді? Алмаз ЫДЫРЫСОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Биыл 307 вагонды жаңартуды жоспарлап отырмыз. Негізі вагондардың 44 проценті ескі. Біз жоспар бойынша жыл сайын вагондарды жаңартып отырамыз. Пойыздардың кешігуіне келсек, оған ауа-райының қолайсыздығы себеп. Ескі вагондардың қашан жаңаратыны бізге ғана емес, оған жауапты компанияның басшыларына да беймәлім. Көкейдегі сұраққа дөп басып жауап бере алмайды. 2030 жылға дейін жаңаруы «мүмкін» деді. Вагондардың сапасы нашар екенін әйтеуір мойындады. Қанат ӘЛМАҒАМБЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл онда 61 вагон аламыз. 2 жылда 257 вагон аламыз, Алла жазса. Бізге көмек берсе, ақша берсе. Демек жағдай жасалған вагондарды әлі 7 жыл күтуге тура келеді. Кезең-кезеңімен жылына 100 вагон жаңартылмақ. Егер басшы уәдесінде тұрса, вагон бөлшектері түгел жаңартылады. Ішіне бейнебақылау камерасы, кондиционер жүйесі, телефон қуаттағыш орнатылады. Сондай-ақ, жолсерікті шақыруға арналған батырма, таза су құтылары, тоңазытқыш пен қысқа толқынды пеш қойылмақ. Қысқасы, жылжымалы жатақхана деуге болады. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қуанғаннан жылап жібере жаздадық»: Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртастың видеосы қызу талқыға түсті
«Мал боласың»: Әбдіжаппар Әлқожаның дөрекілігі көптің ашуына тиді
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?