Есірткі сатқан елордалық 15 жылға сотталуы мүмкін

Елорданың 35 жастағы тұрғыны 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын арқалайтын болады. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мефедрон психотроптық затын елордаға, еліміздің басқа өңірлеріне, оның ішінде Ақмола облысына аса ірі мөлшерде жеткізумен және сатумен айналысқан Астана тұрғынына қатысты жедел ақпарат алды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабы, 3-бөлігі, 5-тармағымен сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қоймашыны ұстаған кезде жедел қызметкерлер 30 пакетті тауып, тәркіледі. Олардың әрқайсысында 10-нан 30-ға дейін оралған есірткі заты болды», - деді Шұғыла Тұрлыбек министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте. Оның айтуынша, сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 843 грамм болатын мефедрон психотроптық заты екендігі анықталды. 35 жастағы астаналық есірткіні жасырын орынға қойып үлгермен. «Сондай-ақ есірткімен күрес полицейлері күдіктінің ұялы телефонын тәркіледі. Онда есірткі заттарын сатуға қатысты куратормен хат алмасу және жасырын орындарға қою арқылы есірткі заттарын өткізу туралы фотоесеп бар. Күдікті қамауға алынды. Полицейлер қылмыстық іс-әрекеттің басқа қатысушыларын анықтау үшін жұмыс жалғастырып жатыр», - деді ведомство өкілі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда құрылыс нысандарын бақылау күшейтіледі - сарапшы
Жансая Әбдімәлік шахматтағы мансабын аяқтады ма?
Бүгін ұлы ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына – 85 жыл
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған
«AMANAT» партиясы Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ұшақ апаты. Үкімет жанынан құрылған комиссия жұмысын бастады
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
«AMANAT»-та Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтылды
Нью-Йоркте Қазақстан шахматшыларының қатысуымен әлем чемпионаты өтеді
Қазақстанда жылдың үздік спортшысы анықталды