«Ет бағасы 400 теңгеге қымбаттады», - сатушы

Елімізде ет бағасы өткен жылмен салыстырғанда 400 теңгеге қымбаттаған. Түске емес, тісімізге кірсін деген тұрғындар қалтасындағы соңғы тиынын сатушыға санап береді. Ол ол ма, қып-қызыл ақшаңызға сатып алғаныңның өзі сау малдың еті болмауы мүмкін. Өйткені, базарда бақылау аз. Рұқсат қағазсыз-ақ сатып жатқандар жетеді. Ал тойып ет жемесе, көңілі тыншымайтын жұрт амал жоқ алып жатыр соны. Аружан Задабек базарларды аралап, бағалармен танысып қайтты. Ет тіске кіре ме, әлде түсімізге кіре ме? Бұлай сұрауымның орны бар. Өйткені қазір етті тек қолы жеткен алады. Қара мал тілегеннің алдына, іздегеннің уысына түсе салатын заман өтті, - дейді тұрғындар. БЛИЦ-МАУАЛНАМА: - Ет алдыңыздар ма биыл? – Биылдыққа ет ала алмадық. Өйткені еттің бағасы шарықтап тұр. Екінің бірінің қалтасы көтермейді. Шамамен отбасылық бюджетке 100 мыңдай кетеді. - Қымбат па? – Қымбат. – Қанша жұмсайсыз? – Жолдасым екеуіміз айына 50 мыңдай жібереміз. Үнемдегенде. - Өткенде ұлыммен бардық. 40 мың кетті. Жарты айға жетеді. - Мен ет жемеймін ғой? – Неге? – Ет қымбат қой. Шама жоқ қой етке. + Арасында 2-3 кусок аламыз. Күнде қымбаттап жатыр. Бағаны білесіңдер ғой өздерің. Бағаны бағамдайын деп астаналықтар көп баратын базарға бет бұрдық. Жеміс-жидек пен көкөніс сататын жерде ғана келуші көп. Ал ет сататын павильонда, керісінше, тұтынушы сиреп қалған. Сатушылар бұған қымбатшылық себеп – дейді. Тапқан-таянғаныңызға сатып алған малдың еті, басқаны айтпағанда, санитарлық талапқа сай емес. Малдың індет жұқтырмағанына кепіл жоқ. Оған өзіміз куә болдық. Камераны көрген сатушылар «ананы түсірме, мынаны түсірме» деп біраз қобалжыды. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Базардың бағасын бағамдауға келіп едік, сатушылар қуана қарсы алмады. Оны өзіміз де білдік солай болатынын. Базар әкімшілігі бізді көрді де шығуымызды талап етті. Базардың шыға берісінде іштегі сатушыларға ет алып келетін шаруаны кездестірдік. Әңгімеге тартып, олардағы бағаны сұрадым. Сөйтсек, кәсіпкерлер ет құнына еселеп ақы қосады екен. Мәселен, қазір сауда орындарында қой еті 2800-теңгеден басталады. Сиыр – 3000, жылқынікі 3200-ден саудаланады. Демек, ондағы сатушылар негізгі бағаға, шамамен, мың теңге қосады. Алмасхан РАҚЫМБАЕВ, ШАРУА: Базардың өзінінің алып-сататын делдалдары болады. Ол кісілердің қолына тиіп кетсең, енді жақсы баға бере қоймайды. 3 мың болса, 2 мың теңгеден өткізуге мәжбүр боламыз. Астана базарына ет әр аймақтан әр түрлі мөлшерде келеді. Тек бір айдың ішінде 300 мың тонна ірі қара мал, 650-670 мың тонна жылқы, 100 мың келіге жуық қой еті сатылымға түседі. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Қазір екінші базарға келдім. Мұндағы еттің бағасын тексеріп көрмекпіз. Қасымда оператор бар. Камераны сыртқа тастап кеттік. Өйткені бұл жерге кіруге рұқсат бермейді. Базардан алған еттен күмәндансаңыз, шағымдануға болады. Иісінен бұзылған ет екенін аңғарсаңыз, сегіз сағат ішінде базардың зертханасына келіп, кері тексеруді сұрайсыз. Ол жерде сатушының құжаттары мен еттері қайта сарапталады. Егер бұзылғаны расталса, ақшаңызды қайтарып береді. АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ: Ет, ет өнімдері және сойылатын жануарлардың қосымша өнімдерінің қауіпсіздігі Кеден одағының «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес нормаланады. Дәрігерлер әр адам күнделікті кемінде 200-300 грамм ет жеуі керек екенін айтады. Ақуызға бай өнімді сирек тұтынған жағдайда иммунитет әлсіреп, түрлі ауруларға душар етуі мүмкін. Тұрғындардың көбі бұл пікірмен келіседі. Тек сол дәруменның құны мен сапасы бір-біріне сай болса дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Умар Нурмагомедов чемпиондық белбеуін қорғай алмады
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды
АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды
Картоп қоры жеткілікті
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Телефонын тартып алған»: Астанада ашуға булыққан жас жігіт ағасын пышақтап өлтірді (ВИДЕО)
Софья Самоделкина Универсиаданың қола жүлдесін иеленді
Алматыдан 364 шақырымда жер сілкінісі болды
Сеулдегі тәртіпсіздіктерден кейін полиция наразылық білдірушілерді ұстады
Сеулдегі тәртіпсіздіктерден кейін полиция наразылық білдірушілерді ұстады
Қарағанды гарнизонында шабуылдау батальонының бөлімшелерін үйлестіру өтті
Неміс компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға дайын
Олимпиадада жүлде алған танымал қазақ боксшысы мансабын аяқтады
Қызметтік иттердің көмегімен жүзге тарта адам өліміне қатысты қылмыс ашылды
Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы мансабын аяқтайды
Тамырын кесіп, есікті кілттеп алған: Алматы облысында өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды
Елордалық құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын алып шықты
Қысқы универсиада: Бүгін ел құрамасынан кімдер сайысқа түседі
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды (ВИДЕО)
Анашым, біз жазыламыз: Түркістан облысында газ жарылып, әкесі мен екі ұлы көз жұмды
Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы нашарлайды
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды