"Етпетінен жатып ұйықтау қауіпті". Дәрігер себебін атады

Көп адам ұйықтар алдын өзіне ыңғайлы қалыпта жатпаса, көз іле алмайды. Қазір екінің бірі етпетінен жатып ұйықтағанды ұнатады. Бірақ оның зиянды тұстарынан хабарсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Дәрігер-терапевт Галина Аксенова aif.ru басылымына берген сұхбатында етпетінен жатып ұйықтау физиологиялық тұрғыда дұрыс емес екенін айтты. Себебі бас ұзақ уақыт бойы сол немесе оң жаққа бұрылып тұрады. Салдарынан миға баратын қантамырлар қысылып қалуы ықтимал. Аксенованың сөзінше, етпетінен жатып ұйықтаған адамның таңертең бет-аузы үнемі ісініп тұрады. Сонымен қатар көзішілік қысым көтеріліп, көзге шамадан күш түсіп, бас ауруын туындатуы мүмкін. Бас ауруы - ми қанайналымы толыққанды жүрмегендіктен ғана емес, оттегімен жеткілікті мөлшерде қанықпағандықтан да пайда болады. Адам етпетінен жатып ұйықтағанда оның мойын және бел бұлшықеттері тым күштеніп кетіп, онда сүт қышқылы жиналып, ауырсындырады. Сөйтіп жатысын дұрыстамайынша, ауырсыну сезімі басылмайды. Маман айтып өткендей, бұл әдеттен құтылу үшін алдымен біраз уақыт өзіңізге ыңғайлы қалыпта жатып, кейін бір қырына ауысуы керек. Сосын шалқасынан, оң немесе сол қырымен жатуға әдеттену керек. Егер адам тек етпетінен ғана ұйықтай алса, онда аяқтарының арасына жастықты қысып немесе жастықты құшақтап жатқаны дұрыс. Бұл етпетінен ұйықтаудың зиянды тұстарын сәл де болсын азайтады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
Олимпиадалық іріктеу: Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Ат абзелдерін жасайтын Ардақ Абдуллин
ТЖМ құтқарушылары балаларға көмекке келді
Әйел адам түрмедегі ұлына шұжық ішіне телефон жасырып өткізбек болған
Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Ресми: Астанада Лос-Анджелес Олимпиадасы алдында бокстан әлем чемпионаты өтеді
Роза Рымбаева Абай облысының Құрметті азаматы атанды
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді