Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілі Роберт Брудзински Еуропалық одақтың Қазақстанда қаржыландырған жобалары жайлы айтты.«Қазақстан ғылым саласында қаншалықты қарқынды дамитынын айту-күрделі мәселе. Себебі ғылым орнында тұрмайды. Алдыңғы қатарда болу үшін үнемі жұмыс істеп, ынтымақтастықта дами отыру керек. Бұл ғылыми қызметкерлер мен бизнес сектор, мемлекеттік сектор арасындағы өзара ынтымақтастықтың нығыз болуын талап етеді. Бұл - өте ұзақ процесс. Бұл келісімнен Еуропа да, Қазақстан да ұтады»,- деді Брудзински. Ол атағандай, Horizon Europe бағдарламасы әлем бойынша ғылыми зерттеуге мүмкіндік береді. «Бұл бағдарламада қыруар қаржы бар. 95 млрд еуро әлем елдерінің ғылыми жобаларына бағытталады. Қазақстан да бұл бағдарламаға қатыса алады. Біздің тарапымыздан бұл ынтымақтастықты нығайтатын ниет те, қаржы да бар. 1996 жылдан бастап Еуропалық одақ Қазақстанда 37 млн еуроның 127 жобасын қаржыландырған»,- деді ол. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында шетелдік инвесторлардың жұмыс істеуіне жағдай жасап, 3 жылға салықтан босату керегін айтқан болатын. Бұл елімізге шетелдік инвестицияның көп мөлшерде тартылуына жағдай жасайды.