Еуропа елдерінде қауіпсіздік күшейтілді

Еуропаның құқық қорғау органдары теракт жасауға әрекеттенген Хамас тобының мүшелерін құрықтады. Қазір қарт құрлықтың бірнеше елі лаңкестік қауіп-қатердің ең жоғарғы деңгейін енгізді. Рождестволық жәрмеңкелерде де қауіпсіздік күшейтілді. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Германия, Нидерланд, Дания құқық органдары қарт құрлық елдерінде лаңкестік жасамақ болған 7 адамды құрықтады. Бәрі Хамас тобының мүшелері. Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты радикалды ұйымдардан Еуропа мемлекеттеріне қауіп-қатер күшейді-дейді ЕуроОдақтың ішкі істер комиссары. Илва Йоханссон, ішкі істер бойынша еурокомиссар; Террористік шабуыл қаупі өте зор. Себебі, соңғы кездері Еуропалық Одақта антисимиттік және мұсылмандарға қарсы әрекеттер көбейді. Жақында Парижде болған теракт есіңізде шығар. Сондықтан біз қырағылықты арттыруымыз керек. Қазір Еуропаның бірнеше мемлекетінде лаңкестік қауіп-қатер ең жоғарғы деңгейге көтерілді. Жаңа жылдық жәрмеңкелерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Полиция қызметкерлері көшелерде рейд жүргізіп, «күдікті» деген азаматтардың құжаттарын жіті тексеріп жатыр. Крис Ван, Брюссель қаласының тұрғыны: Әрине, қорқынышты. Шабуыл кез-келген жерде, елде болуы мүмкін. Теракт болмайды деп ешбір мемлекет кепілдік бере алмайды. Әлем көшбасшылары Таяу Шығыстағы жағдайды реттеуге күш салса, біздің өмірімізге қауіп төнбес еді. Адам көп шоғырланған жерлерде, діни рәсімдер өткізілетін орындарда қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін Еуропалық комиссия 30 млн еуро бөлмек. Рождество мерекесін алаңдамай қарсы алу үшін кей елдер қоғамдық тәртіпті қадағалауға әскерилерді де жұмылдырмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Алматыда 14 желтоқсанда доллар мен еуро қанша теңгеден сатылып жатыр
Орталық төңірегіндегі тартыс
Сириялықтар Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Доллардың бүгінгі бағамы
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен кездесті
Колония тәрбиеленушілері өлеңдерін Тәуелсіздікке арнады
ТЖМ құтқарушылары-2024 жылғы жастар сыйлығының лауреаттары
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Астанада ұрлықты кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды
Теміртауда өзен бетіндегі мұз жарылып, суға түсіп кеткен бала мерт болды
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Дубайда өткен жарыста ақтөбелік сәйгүлік Нугул жеңіске жетті
Дзюдодағы «юко» ұпайы қайтарылады
20,7 млн теңге: Қостанай облысының әкімдігі Арқалық әуежайын сатып алды
Түркістан облысында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді: 14 желтоқсан 2024, 14:39 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шымкентте екі қабатты мейрамханадан өрт шықты
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті