Еуропа лигасы: «Барселона» мен «Манчестер Юнайтед» тең түсті

UEFA Еуропа лигасы 1/16 финалындағы 4 ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Жанкүйерлер олардың арасынан «Барселона» (Испания) және «Манчестер Юнайтед» (Англия) кездесуіне көз тікті. Еуропа құрлығындағы алдыңғы қатарлы клубтар саналатын олар биыл осылайша жарыстың аталған сатысында шеберлік байқасуға мәжбүр болды. Ойынның бірінші кезеңінде қос команда тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Екінші кезеңде «Барселона» сапынан Маркос Алонсо 50-минутта есеп ашты. Ойынның 53-минутында ағылшындық клубтан Маркус Рашфорд таразы басын теңестірсе, 59-минутта испаниялық командадан Жюль Кунде өз қақпасына гол соғып алды. Ал 76-минутта «Барселона» футболшысы Рафинья мергендік танытты. Осылайша, кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. Қалған 3 жұптың ойын нәтижелері: «Аякс» (Нидерланды) - «Унион Берлин» (Германия) - 0:0 «Шахтер Донецк» (Украина) - Ренн (Франция) - 2:1 «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Рома» (Италия) - 1:0 Сондай-ақ, бүгін елорда уақытымен 02:00-де «Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Мидтьюлланн» (Дания), «Ювентус» (Италия) - «Нант» (Франция, «Севилья» (Испания) - ПСВ (Нидерланды), «Байер» (Германия) - «Монако» (Франция) командалары ойнайды. Қарымта кездесу 23 ақпанға белгіленген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
Қазақстандық аграрлық ЖОО-лар Ресей университеттерімен ынтымақтастықты күшейтеді
Телефоныңыз тыңдала ма? Тексеріп көріңіз!
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды
CNN: Солтүстік Корея әскерлері қазірдің өзінде Украинада
Еуропарламент басшысы Киевке TAURUS зымырандарын жеткізуге шақырды
«Қазақтың отбасы фольклоры» түрік тіліне аударылды
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрығына өзгерістер енгізіледі
Қостанай облысында жарылыстың алды алынды
Қазақстанда жыл басынан бері 12 мыңға жуық сайт бұғатталды