UEFA Еуропа лигасы ширек финалына жолдама алған барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жарыстың 1/8 сатысында Италияның «Ювентус», Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары жеңіске жетіп, келесі сатысына шықты. Ал, өз алаңында Портулгалияның «Спортингімен» 1:1 есебімен тең түскен «Арсенал» жарыстан шығып қалды. Екі команда алғашқы кездесуде 2:2 есебіне қанағат білдірген еді. Осыған байланысты пенальти тебуде португалдар 5:3 есебімен басым түсті. Енді 1/4 финалда «Ювентус» (Италия), «Фейеноорд» (Нидерланд), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Севилья» (Испания), «Спортинг Лиссабон» (Португалия), «Рома» (Италия), «Байер» (Германия), «Юнион Сен-Жулуза» (Бельгия) командалары ойын көрсетеді. «Фрайбург» (Германия) - «Ювентус» (Италия) 0:2 (бірінші ойын 0:1) «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Шахтер Донецк» (Украина) 7:1 (1:1) «Реал Бетис» (Испания) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) 0:1 (1:4) «Фенербахче» (Түркия) - «Севилья» (Испания) 1:0 (0:2) «Арсенал» (Англия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:1, пенальтиден 3:5, (2:2) «Реал Сосьедад» (Испания) - «Рома» (Италия) 0:0 (0:2) «Ференцварош» (Венгрия) - «Байер» (Германия) 0:2 (0:2) «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Унион Берлин» (Германия) 3:0 (3:3). Ширек финал 13 және 20 сәуір, жартылай финал 11 және 18 мамыр күндеріне белгіленген. Финал 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өткізіледі.