Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) биылғы Еуропа лигасының ең үздік футболшысын анықтады. Ұйымның баспасөз қызметі хабарлағандай, "Севилья" ойыншысы Хесус Навас үздік деп танылған, деп жазды massaget.kz.37 жастағы испан футболшысы биылғы Еуропа лигасында 9 ойынға қатысқан. Бір рет нәтижелі пасымен көзге түскен. Айта кетейік, биылғы Еуропа лигасын "Севилья" ұтып алды. Нәтижесінде осы жарыста 7-рет топ жарып, жеке рекордтарын жаңартқан болатын. Ал жарыстың ең жас үздік ойыншысы марапатына "Байер" командасының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ие болды.