«Киараннан» кейін Еуропаға жаңа күшті дауыл – «Домингос» жақындап келеді.«Киаран» дауылынан қаза тапқандар саны Еуропада 16-ға дейін өсті. Бұған дейін 12 адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Жұма күні Италияның солтүстігінде дауыл болды. Тосканада төтенше жағдай жарияланды. Бұл аймақтағы кейбір аудандарда бір айлық жауын-шашын үш сағаттың ішінде жауған. Қатты зардап шеккен аудандардың бірі - Венето. Билік бұл жағдайды «бұрын-соңды болмаған оқиға» деп атады және зардап шеккен аудандарға көмек көрсетілетінін хабарлады. «Киаран» дауылы Италияның солтүстігінен оңтүстік-шығысқа қарай жылжиды және елдің оңтүстік бөлігіне, сондай-ақ Балқан елдеріне қолайсыз ауа-райын әкелді. Хорватияда, Боснияда, Черногорияда және Словенияда қатты жел ағаштарды құлатып, үйлердің шатырларын жұлып алды. Сонымен қатар Еуропаға жаңа дауыл - «Домингос» жақындап келеді. Сенбі күні түстен кейін континенттің оңтүстік-батысына түседі деп болжанып отыр. Португалияда, Испанияда және Францияда жел сағатына 150 шақырымға жетеді деп күтілуде.