Еуропалық Одақтың Жоғары өкілі Жозеп Боррель Израильге жасалған шабуылдарға байланысты мәлімдеме жасады.Еуропалық Одақ Хамастың Израиль аумағына бей-берекетсіз жасалған соққыларын айыптайды және адамдардың құрбан болғанына өкініш білдіреді. «Еуропалық Одақ шиеленіскен жағдайды одан сайын ушықтырып, Палестина халқының бейбіт өмірге деген үмітін үзетін мән-мағынасы жоқ шабуылдар мен зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырады. Еуропалық Одақ бүгінгідей бей-берекетсіз, аяусыз жасалған шабуылдар жағдайында өзін халықаралық заңдарға сәйкес қорғауға құқы бар Израильді қолдайды»,-делінген хабарламада. Еуропалық Одақ Таяу Шығыстағы бейбіт процестерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға тың серпін бере отырып, мықты әрі тұрақты бейбіт өмір қалыптастырудың маңызды екенін еске салады. Осыған дейін «Хамас» содырлары Израильге зымыранмен шабуыл жасап, 20-дан астам адам мерт болғанын жаздық. Қазақстандың Air Astana әуе компаниясы Тель-Авив рейстеріне билет сатуды уақытша тоқтатты.