Ұлыбританияға «Хэнк»дауылы соққы берді. Корольдіктің оңтүстік өңірлерінде күшті жел тұрып, үздіксіз нөсер жауып тұр. Лондонның төтенше жағдайлар қызметі қаланың Гринвич ауданындағы көшені жапты. Себебі мұнда ағаштар жел екпініне шыдамай, жолға құлаған. Бұған қоса су тасқыны жайлады. Электр жарығы өшіп, пойыз қатынасында кедергілер болды.Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Ал Францияның солтүстік-батысында қауіптің қызыл түсті деңгейі жарияланды. Мұнда өзендер арнасынан шыққан. Жағалаудағы қалаларды су басты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілген. Үздіксіз нөсер әлі тоқтаған жоқ. Ауа райы болжамына сай, жаңбыр ертең де жауады. Бұдан бөлек, Германияда да өзендер арнасынан тасып жатыр.