Фермерлерге дизель отыны 239 теңгеден сатылады – Энергетика министрлігі

ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде 2023 жылғы күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 426 мың тонна дизель отынын бөлді.ҚР Энергетика министрлігі ұсынған АШТӨ бағасы 284 мың теңге/тонна, мұнай өңдеу зауытының қақпасындағы баға 1 литр үшін 239 теңге.АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлардың жеткізу өңіріне және шығыстарына байланысты фермер үшін орташа баға 1 литр үшін шамамен 257 теңгені құрайды. «Қазіргі уақытта жанар-жағармай құю станцияларындағы дизель отынының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 295 теңгені құрайды. АШТӨ үшін бөлшек сауда құны (295 тг./литр) мен КЖТЖ-ға арналған дизель отынының бағасы (шамамен 257 тг./ литр) арасындағы айырмашылық – 14,8 % (шамамен 38 тг. жеңілдік). Күзгі кезеңде АШТӨ үшін дизель отынының бағасында көрсетілген жеңілдік көктемгі кезеңмен салыстырғанда жоғары екенін атап өтеміз. 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстары кезінде дизель отынына жеңілдік 13,9 % құрады», - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанда күзгі жиын-терін жұмыстары шілде айынан қараша айын қоса алғанда жүргізіледі. Шілде айына МӨЗ-ден АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар 2023 жылғы КЖТЖ-ға бөлінген көлемнің тек 4,5 мың тоннасын немесе 1%-ын (426 мың тонна) тиеп-жөнелтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды