Филиппинде кеме апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты

Маниладан шығысқа қарай Рисаль провинциясындағы көлде жолаушылар мінген кеме апатқа ұшырап, 21 адам мерт болды. Бұл туралы Филиппин жағалау күзетінің (ФЖК) ресми өкілі контр-адмирал Армандо Балило телеарналардың біріне берген сұхбатында мәлімдеді.«Бинангонан қаласынан 45 метр жерде жергілікті уақытпен күндізгі сағат бір шамасында болған апаттан 21 адам қаза тапты», - деді ол. Әуелде ФЖК оқиға салдарынан 30 адам көз жұмғанын хабарлаған болатын. Мәлім етілгендей, кеме Бинангонан қаласынан Филиппиндегі ең ірі Бай көлі арқылы Талим аралына бара жатқан.Мекеме дерегінше, су көлігі дауылды желге тап болып, жолаушылар үрейленіп кеткен. «Олар кеменің сол жақ бортына қашып, салдарынан кеме аударылған», - деп мәлім етті ФЖК-дан. Рисаль провинциясының полициясы 21 адам суға батып кеткенін, 40 адамды аман алып қалғандарын растады. Апат Филиппиннен «Доксури» тайфунының беті қайтқан кезде болып отыр. Тайфун салдарынан су тасып, көшкін жүрді және бес адам қаза тапқан еді. Еске салайық, Қытай «Доксури» жойқынды тайфунының келуіне дайындық жүргізіп жатқанын жазған болатынбыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Зеленскийден маңызды хат алдым“ - Трамп
Астанада алғашқы дайын LRT станциясы таныстырылды (ВИДЕО)
Спорт министрі қысқы Азия ойындарының сәтсіздігінен кейін ешкімді жазаламады
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы жарияланды
Алматыдағы «Қайрат» шағын ауданында 260 орындық жаңа балабақша ашылады
АҚШ Қытайдан келетін тауарларға салықтарды арттырды: елімізге қандай әсері бар?
Түркия музейлері: тарих пен заманауи технологияның үйлесімі
БҰҰ Бас Ассамблеясы ұйымның аймақтық орталығын Алматыда ашу туралы қарар қабылдады
«Отбасы банк» AQYL білім беру жинақ депозитін ашуды уақытша тоқтатады
Әлемге әйгілі миллиардерлердің ақша мен байлыққа қатысты ең үздік афоризмдері
Трамп Зеленскийден маңызды хат алғанын айтты
Велоспорттан Италиядағы додаға қатысатын «Астана» құрамы анықталды
"Жомарт" кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары шықты
Қазақстандықтарға ескерту: “негізсіз баю схемасы“ үшін жауап беру қажет болады
«Бала кезден таныспыз»: қазақстандық балуан Сайтиевпен байланысы туралы айтты
"Наурыз" бағдарламасы басталды. Оның шарттары қандай?
Балаларды балабақшалармен қамту 95 пайызға артады
«Жомарт» кенішіндегі апат: тергеудің алдын ала қорытындылары жарияланды
Еліміздегі доллар бағамы қандай
Алматыда екі мыңнан астам мопед тіркелді
«Бұл жаланы көтере алмаймын»: Жетісуда көп балалы әке полиция қызметкерін кінәлап, өзіне қол жұмсады
Спорт министрі қысқы Азия ойындарының сәтсіздігінен кейін ешкімді жазаламады
“Зеленскийден маңызды хат алдым“ - Трамп