"Флюорографияға жазылуға" шақырып жатыр. Абай облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Қазақстанда алаяқтықтың жаңа түрі пайда болған. - Қаскүнемдер емханадан флюорография мен диспансерлеуге жазылуға шақырады. Олар күн мен уақытты таңдайды, содан кейін SMS-кодпен жазбаны растауды сұрайды. SMS тіркеуге кіруді өзгерту үшін мемлекеттік қызметтерден келеді. Жақындарыңызға ескертіңіз, - делінген құқық қорғау орандары таратқан хабарламада.