Фонограммаға тыйым салатын норма әзірленді

Елімізде креативті индустрияға жататын экономикалық қызметтің 43 түрі бекітілген. Салмақты салалар әдемі баннерде ғана қалмауы үшін оларды жүзеге асыру жолдарын қарастыруымыз қажет. Бұл туралы депутат Нартай Аралбайұлы «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте айтты. Жиында музыка индустриясының проблемалық мәселелерін айқындау және шешу жолдары талқыланды. Елімізде Креативті индустрияға арналған заң жобасы әзірленіп, қазір Мәжілісте қаралып жатыр. Онда фонограммаға тыйым салатын норма әзірленген. Сондай-ақ сахнаға шығатын барлық өнерпаз бір орталықтан лицензия алуға міндеттеледі. Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, “AMANAT” ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Егер оны бұзған жағдайда оларға айыппұл салынады. Белгілі бір мерзімге лицензиясы тартып алынады. Одан кейін қайтадан қорғап, қайтадан жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Бірақ әр бұзған сайын оған берілетін жаза да күшейтіле береді, еселене беретін болады. Бұл енді қоғамның талабы. Мұны жүзеге асыруымыз керек. Заңнама бағытында бұны біз қарастырып, тиісті норманы бердік. Мемелекеттік органдар мұны қолдайды деген ойдамыз. Қазақстанда авторлық құқықты қорғайтын 15 ұйым бар. Мамандар бұл ұйымдардың жұмысын айқындау үшін оларды цифрландыру қажет екенін айтады. Гүлісхан НАХБАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жалпы олардың құқықтарын алып қою емес, олардың жұмыстарын цифрландыру жүйесіне енгізетін болсақ, ең бастысы біздің авторлар алу керек ақшасын алып отыратын болса, бізге ең маңызды болып тұр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
СҚО-да су басқан аймақтарда мониторинг жүргізілді
16 мамырға арналған валюта бағамы
Теңіз жаяу әскерлері полигонда өткен сынаққа қатысты
Астанада алғаш рет Азия теннис федерациясының директорлар кеңесі бас қосты
Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы еліміздің тұрақты өкілі тағайындалды
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Алматыда өте сирек кездесетін ақшыл секпілгүл бүр жарды
Еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі тағайындалды
«Тобыл» клубының басшысы төрешілерден қиянат көріп жатқанын айтты
Жанар Айтжан қызметінен кетті
Депутат мектеп бағдарламасына тағы бір пән енгізуді ұсынды
Қайрат Омаров БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл болып тағайындалды
Су тасқыны. Индербор кентіне апаратын жол бүгін ашылады
Алимент төлеуден жалтарған ер адам "қайтыс болғанын" жария еткен
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Президент Маңғыстау облысының әкімін қызметінен босатты
Әсет Ерғалиев жаңа қызметке тағайындалды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы әкімі қызметінен кетті
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
Виктор Цойдың ұлы әкесіне арнап клип шығарды
Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
«Арзан тауар сатамыз». 60-тан аса адамды алдаған күдікті анықталды
Алимент төлеуден жалтарған ер адам "қайтыс болған"