Tesla негізін қалаушы және Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Forbes журналының жаңа нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай адамдар рейтингінің бірінші орнына көтерілді.Бұл туралы ақпарат басылым сайтында жарияланды. Ақпаратқа сүйенсек, Илон Масктың байлығы 4,2 миллиард долларға өсіп, қазіргі уақытта 240,7 миллиард долларға бағаланып отыр. Ал LVMH (Louis Vuitton Moet Hennessy) компаниялар тобының президенті Бернар Арно екінші орынға жылжып қалды. Оның байлығы 234,6 миллиард долларға бағаланды.