Франция президенті Эммануэль Макрон Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында орын алған жарылыстан кеншілердің қаза табуына байланысты қазақстандықтарға көңіл айтты. Ол өзінің әлеуметтік желіде жариялаған жазбасын қазақ тілінде жазды.«Барша қазақстандықтарға деген достық пейілімді жеткізу мақсатындағы Қазақстанға тарихи сапарыма бірнеше күн қалғанда елдің шахталарының бірінде болған қайғылы хабарды терең мұңмен қабылдадым. Барлық қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», - деп жазды Макрон. Франция басшысының 1 қараша күні Қазақстанға ресми сапары жоспарланған. Айта кетейік, Костенко шахтасындағы апаттан 36 кенші қаза тапты, әлі 10 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.