Франция Президентіне тұрғындар жұмыртқа лақтырды

Анадолыда отандасымызға оқ атылды. Қарулылар құрықталды ма? Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Мамандар вакцинаның қауқары жетпейді деп қауіптенуде. Ал Франция президентіне тұрғындар жұмыртқа лақтырды. Халық неге ашулы? Шартарапқа Сүндет Оралбеков шолу жасады.Анадолыда отандасымызға оқ тиді. Оқиға Чекмекөй провинциясында көпқабатты үйдің жанында болған. Белгісіз екі азамат бір-біріне оқ жаудырып, салдарынан сол маңда жүрген қазақстандық Бегалы Тәліпов жарақат алды. Ол екі жасар қызын Түркияға емдеуге апарған. Қазір ауруханада, оқты алу үшін жасалатын операцияны күтуде. Бегалы ТӘЛІПОВ, ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТЫ: Үйіміздің қасында атыс басталып кетті. Көрші зданиедан. Қолымда коляскада қызым бар. Сол атысты естіп енді қашып жатқанда маған оқ тиіп үлгереді. Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штамы анықталды. Алғаш Үндістанда шығып, Тұманды Альбионда тарай бастаған жаңа штамм — Арктур деп аталады. Жұқтыру қауіптілігі өте жоғары дейді мамандар. Бұл вирусты 50-ге жуық адам жұқтырған. Вирусологтар Тұманды Альбионда тұратындардың басым көпшілігі ковидке қарсы вакцина салдырғанына қарамастан жағдай күрделеніп кетуі мүмкін деп алаңдаушылық білдіріп отыр. Өйткені жаңа вирустың антиденелерге төзімділігі өте жоғары. Вирус Сингапур, Австралия және АҚШ сияқты 22 елде анықталып отыр. Мамандар, қауіпті індет әлемде мамыр айында өршуі мүмкін деп дабыл қағуда. ПРЕЗИДЕНТКЕ ЖҰМЫРТҚА ЛАҚТЫРДЫ: Франция президенті Эммануэль Макронға тұрғындар жұмыртқа лақтырды. Халық зейнетақыға қатысты реформаға қарсылық білдірген. Президент Эльзас қаласында кездесу өткізген. Күзетшілер президентті жабуға тырысқанымен, жұмыртқа француз көшбасшысының маңдайына дәл тиді. Макрон мұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лионда көрме аралау барысында иығына жұмыртқа тиген. Қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыны дереу қолға түсірді. Айта кетейік, Франция президенті зейнет жасын 64-ке дейін көтеруді көздейтін реформа туралы заң жобасына қол қойған болатын. С. Оралбеков

Читать источник astanatv.kz/kz/
Australian Open: Әмір Омарханов екінші айналымға жолдама алды
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Мидың  сау болуына не әсер етеді?
«Өмір сүру, сену, сүю»
Еліміздің 15 өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасалды
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан әйел адам қаза тапты
АҚШ-та TikTok бұғатталды
АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісі бұғатталды
Беті бері қарады: сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты тың дерек айтылды
АҚШ-та TikTok Трамптың инаугурациясына бір күн қалғанда бұғатталды
АШМ: Картопты үшінші елдерге әкету 6 айға шектелді
Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді
Картоп бағасының неге қымбаттап кеткені белгілі болды
Көкшетауда емделушінің әкесі дәрігерге жұдырық ала жүгірді (ВИДЕО)
Қазақстанда картоп экспортына шектеу енгізіледі
Қарағанды облысында лимфангит дертінен жылқылар қырылып жатыр
Қазақ қызы Дональд Трамптың инаугурациясына шақырту алды
Қызметтік иттердің көмегімен мыңнан астам ұрлық ашылды
Универсиада: Софья Самоделкина қола жүлде жеңіп алды
Алматы облысында полицейлер жас қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда картоп бағасы қымбаттады: үкімет не дейді?
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Павлодарда 29 жастағы әке балаларына 4,5 миллион теңге қарыз