Францияда киім-кешекке қатысты заң қабылданады

Әлемде жыл сайын 92 миллион тонна киім қоқысқа кетеді, деп хабарлайды 24KZ. Соның 700 мың тоннасы Францияға тиесілі. Осыншама ысыраппен күресу үшін ел билігі киім-кешек өндіру ісі бойынша жаңа заң қабылдамақ. Франция – нағыз сән мен сәнқойлардың отаны. Статистиканы сөйлетсек, осыдан 10 жыл бұрын бір тұрғын бір жылда 30 киім алса, қазір француздар бір басына орташа есеппен 50 шақты киім алады. Бұл – бір жағынан, ысырап, екінші жағынан, қоршаған ортаны ластаушы қоқыс, – дейді сарапшылар. Анн-Сесиль, Виоллан-ұлттық ассамблеяның депутаты: - Тоқыма өнеркәсібі барлық парниктік газдар шығарындыларының шамамен 10% құрайды. Бұл үдеріс осылай жалғаса берсе, 2050 жылға қарай көрсеткіш 26% жетуі мүмкін. Сондай-ақ полиэстер – ең көп өндірілетін материал. Оны өндіру үшін жыл сайын 70 миллион баррель мұнай қажет. Кейінгі 30 жыл ішінде Франциядағы киім өнеркәсібінде жұмыс орын саны 3 есеге қысқарған. Себебі қымбат брендтік тауарларды арзан әрі жылдам тігілетін киім-кешектер алмастырды. Бұл экологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикаға да айтарлықтай әсер етеді. Осыға қатысты жаңа заң жылдам сәнге, оның жарнамасына шектеулер енгізуді көздейді. Гүлнұр Мәмежанова, дизайнер: - Біріншіден, мен өте қолдаймын. Қазақ айтады ғой «ысырап» деп. COVID-тен кейін не тамаққа болса да, не киімге болса да, біз неғұрлым берекелі, жаңағы сапалы дейді ғой, пайдалы өмірге келе жатырмыз. Ақырындап. Жаңағы ескі киімдерді лақтырмау, ысырап етпеу. Қымбат, бірақ сапасы мықты киімдерді киіп, француз халқы ысырап етпеуді жаңағы саналы түрде бағалайды. Жаңа заң арзан әрі сапасыз киімдерді шамадан тыс өндіруді шектеуді көздейді. Сондай-ақ қымбат киім-кешектер қарапайым тұтынушыларға қолжетімді болу үшін ішінара бюджеттен арнайы төлемдер бөлу жағы қарастырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Анасымен жасты әйелді алмақшы“. Ляззат Байырбекова ұлы жайлы қауесеттерге жауап берді
Түркияда сириялық босқындарды еліне қайтарудың жол картасы әзірленді
“Жалғыз өзі тірі қалған“. Ұшақ апатынан аман қалғандардың шынайы оқиғалары
Еліміздің басым аумағында қар жауады
Павлодарда балаларға арналған екі оңалту орталығы ашылды
“Жалғыз өзі тірі қалған“. Ұшақ апатынан аман қалғандардың шынайы оқиғалары
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
"ҚазАвтоЖол" жолдардағы ахуал туралы таңғы мәліметті жариялады
Көшеде түкіретіндер қалай анықталады?
«Қар, көктайғақ, тұман»: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Қар, бұрқасын, тұман: 27 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Шымкенттегі медициналық ұйымдарға 22 жаңа жедел жәрдем көлігінің кілті табысталды
Бүкіл бортты аман алып қалған. Ұтқыр шешімімен тарихта қалған ұшқыштар
Жылыойда теріарқылы коронарлық араласу орталығы ашылды
“Анасымен жасты әйелді алмақшы“. Ляззат Байырбекова ұлы жайлы қауесеттерге жауап берді
Түркияда сириялық босқындарды еліне қайтарудың жол картасы әзірленді
Қылмыстық топ өзбек-қазақ шекарасында туннель арқылы заңсыз мұнай тасымалдаған
Павлодар облысының Шақа ауылында жаңа медпункт ашылды
27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қарағандыда азаптаумен айналысқан екі полиция қызметкері сотталды
ЕGov-та жаңа қызмет пайда болды
Қазақ-өзбек шекарасында туннель салып алған контрабандистер ұсталды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды