Францияда киім-кешекке қатысты заң қабылданады

Әлемде жыл сайын 92 миллион тонна киім қоқысқа кетеді, деп хабарлайды 24KZ. Соның 700 мың тоннасы Францияға тиесілі. Осыншама ысыраппен күресу үшін ел билігі киім-кешек өндіру ісі бойынша жаңа заң қабылдамақ. Франция – нағыз сән мен сәнқойлардың отаны. Статистиканы сөйлетсек, осыдан 10 жыл бұрын бір тұрғын бір жылда 30 киім алса, қазір француздар бір басына орташа есеппен 50 шақты киім алады. Бұл – бір жағынан, ысырап, екінші жағынан, қоршаған ортаны ластаушы қоқыс, – дейді сарапшылар. Анн-Сесиль, Виоллан-ұлттық ассамблеяның депутаты: - Тоқыма өнеркәсібі барлық парниктік газдар шығарындыларының шамамен 10% құрайды. Бұл үдеріс осылай жалғаса берсе, 2050 жылға қарай көрсеткіш 26% жетуі мүмкін. Сондай-ақ полиэстер – ең көп өндірілетін материал. Оны өндіру үшін жыл сайын 70 миллион баррель мұнай қажет. Кейінгі 30 жыл ішінде Франциядағы киім өнеркәсібінде жұмыс орын саны 3 есеге қысқарған. Себебі қымбат брендтік тауарларды арзан әрі жылдам тігілетін киім-кешектер алмастырды. Бұл экологиялық тұрғыдан ғана емес, экономикаға да айтарлықтай әсер етеді. Осыға қатысты жаңа заң жылдам сәнге, оның жарнамасына шектеулер енгізуді көздейді. Гүлнұр Мәмежанова, дизайнер: - Біріншіден, мен өте қолдаймын. Қазақ айтады ғой «ысырап» деп. COVID-тен кейін не тамаққа болса да, не киімге болса да, біз неғұрлым берекелі, жаңағы сапалы дейді ғой, пайдалы өмірге келе жатырмыз. Ақырындап. Жаңағы ескі киімдерді лақтырмау, ысырап етпеу. Қымбат, бірақ сапасы мықты киімдерді киіп, француз халқы ысырап етпеуді жаңағы саналы түрде бағалайды. Жаңа заң арзан әрі сапасыз киімдерді шамадан тыс өндіруді шектеуді көздейді. Сондай-ақ қымбат киім-кешектер қарапайым тұтынушыларға қолжетімді болу үшін ішінара бюджеттен арнайы төлемдер бөлу жағы қарастырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Қазақтың Моты мен Мариясы". Сахнада әйелімен би билеген Kalifarniya көпті тәнті етті
"Футболкасының өзі 710 мың теңге". Әсел Сағатованың бір күндік образы қанша тұрады?
«Қиын болды»: Қуат Хамитов ресейлік файтерден жеңілген соң мәлімдеме жасады
Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан қол сағаты желіде қызу талқыға түсті
«Қиын болды»: Қуат Хамитов ресейлік файтерден жеңілген соң мәлімдеме жасады
"Ұл үйленеді дегенде баласынан айырылды". Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентер жазба жариялады
"Футболкасының өзі 710 мың теңге". Әсел Сағатованың бір күндік образы қанша тұрады?
Талдыкөл ауылын су басу қаупі жоғары
Алматы тауларында жоғалып кеткен қыздар табылды
Бассейнде суға батқан жасөспірімді құтқарған ҚАЖД бастығы “Айбын” орденімен марапатталды
"Үстін қылшық, шаш еттің. Қышып қалай жүреді?" Желіде әкесінің сақал-мұртын алған Заттыбек Көпбосынұлы көпті тәнті етті
Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамның өмірін сақтап қалды
Өртенген көліктен ерлі-зайыпты мен үш баласы құтқарылды
Атырау: Ақжар ауылында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Қанат Бозымбаев Атыраудың су тасқынының шарықтау шегіне дайындығын тексерді
«Қызым орнықты ғой дегенде күйеу баласы келмеске кетті»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады
Алматы қаласына жақын жерде жер сілкінісі тіркелді
"Негізі өмірде лохпын". Дариға Бадықова оқырмандарына тіл қатты
Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды
Жамбыл облысында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел жоғалып кетті
Қазақстандық балуандар Стамбулдағы іріктеу турнирінде олимпиадалық квота иелене алмады
Қанат Бозымбаев Атыраудағы су тасқынының шарықтау шегіне дайындық жұмыстарын тексерді
Петропавлда су басқан үйден ер адамның денесі табылды
Танымал актер сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады