Францияда тәртіпсіздіктер 6-шы түн жалғасып, 700-ден астам адам тұтқындалды,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы. Шерулер мен қақтығыстардың басталуына, тегі --- алжирлік 17-жастағы жүргізушінің жол ережесін бұзғаны үшін полицияның оғынан қаза табуы себеп болған.Соңғы мәліметке қарағанда, көліктерді өртеп, дүкендерді тонап, қала әкімшіліктері мен полиция бөлімшелерін шабуылдап жатқандарды тоқтатуға 45 мыңдай тәртіп сақшысы жіберілген. Осы дағдарысты еңсеру үшін президент Эммануэль Макрон Германияға мемлекеттік сапарын кейінге шегерді. Ол бүгін тәртіпсіздіктерден зардап шеккен 220 қаланың мэрімен кездесуді жоспарлап отыр.