Ұсталған азамат Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған. Оған Интерпол іздеу жариялаған.32 жастағы К.есімді азамат аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айыпталып отыр. Іздеудегі азаматты Алматы қаласының көші-қон қызметі, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.