Футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің жалақысына қатысты түсінік берді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің жалақысына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz."Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Станислав Черчесовтің жалақысы туралы ақпарат асыра көрсетілген және шынайылыққа сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.Федерация келісімшарттың құпиялығын сақтай отыра, бапкердің жалақысы жария етілмейтінін мәлімдеді."Келісімшарт бюджет тарапынан қаржыландырылмайды. Ал Магомед Адиевпен келісімшарт екі жақтың келісімімен тоқтатылды", - делінген хабарламада.Еске салайық, бұған дейін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалғанын хабарлаған едік.Станислав Черчесов футболшы кезінде "Спартак" (Орджоникидзе), "Спартак" (Мәскеу), "Локомотив" (Мәскеу) және "Динамо" (Дрезден) сияқты клубтарда ойнаған.Жаттықтырушы ретінде Ресейдің "Спартак" (Мәскеу), "Жемчужина", "Терек", "Амкар", "Динамо" (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның "Легия", Ресей құрамасын және Мажарстанның "Ференцварош" командасын жаттықтырған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша орнатамын деп құлаған мұғалімнің жағдайы туралы айтылды
Семейде шырша безендіруге барған мұғалім биіктен құлап, қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен кетті
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді