Футбол қақпасы басып қалған жасөспірімнің жағдайы ауыр

Футбол қақпасы басып қалған жасөспірімнің жағдайы ауыр

Қостанай қаласында оқыс жағдай болды. Аулада ойнап жүрген 16 жасар жасөспірімнің үстіне футбол қақпасы құлап, ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.Аталмыш оқыс оқиға Қостанай қаласындағы жеке үйлердің балалары үшін салынған ойын алаңдарының бірінде болды. Ойын алаңының салынғанына үш жыл да болмаған. Бір қарағанда көздің жауын алатын бұл ойын алаңы аяқ астынан қауіпті аймаққа айналады деп ешкім ойламаса керек. Осы оқиғадан кейін қала тұрғындары балаларын ауладағы ойын алаңдарына жіберуге қорқып отыр. Ойнаймын деп жүріп үстіне зілдей темір қақпа құлаған Всеволод Виденчук облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда жеткізілген. Қазір баланың өмірімен дәрігерлер күресіп жатыр. "Бала іштен жарақат алған. Ішектері жарылып, ішіне қан кеткен. Ота жасау барысында науқастың он екі елі ішегінің жарылғаны анықталды. Бұл-балалар үшін ең қауіпті жарақаттардың бірі. Қазір отадан кейін науқас арнайы тыныс алу аппаратына қосылған. Себебі, оның жағдайы әлі де ауыр",- дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Игорь Белобржицкий. Төтенше жағдай қаланың КСК деп аталатын шағын ауданындағы Л.Чайкина көшесіндегі жеке секторда салынған спорт алаңында болған. Жергілікті тұрғын Светлана Иванованың айтуына қарағанда, сол сәтте балалар футбол ойнап жатқан. Ал, зардап шеккен Всеволод қақпашы болыпты. "Қақпа әлдеқашан қисайып тұрды. Оның осындай апатты жағдайда тұрғанынан жергілікті комманалдық мекемелер хабардар болса да, немқұрайлылық танытты. Ауыр қақпа баланың ішін басып қалған. Сол сәтте осы жерде кішкентай балалар да жүгіріп, ойнап жүрді. Жалпы алғанда бұл ойын алаңын жақында ғана жөндеуден өтті деп ешкім айта алмайды. Онда ойнау өмірге қауіп төндіреді. Қаққан тақтайлары мен темірлері барлық жерде жалбырап түсіп жатыр. Неге екенін білмеймін, осыған жауапты мекемелер үшін міндетті түрде біреу өліп, немесе жарақат алуы керек шығар? Әйтпесе, бұл ойын алаңының жағдайын олар жақсы біледі. Сапасыз салған мердігер мекеме де жауапқа тартылмаған",- деп налиды Светлана Иванова. Осы орайда қалалық әкімдіктің осы салаға жауапты мекемесіне барып мән-жайды анықтаған едік. Олардың айтуынша алаңның осындай халге түсуіне әкімдік те, мердігер мекеме де емес тұрғындардың өздері кінәлі екен. "Алаң 2020 жылы орнатылды. Біз әдетте құрылысты күтіп ұстау үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын ПКСК немесе қызмет көрсететін ұйыммен меморандум жасаймыз. Бірақ бұл алаң жеке секторда орналасқан. Сондықтан оған тұрғындардың өздеріне бақылау орнатуға берілді. Қаланың тағы бірнеше аудандарында дәл осындай ойын алаңдары бар. Ондағы қақпалардың барлығы жерге бекітілмеген. Өйткені, олар қыста жиналып алынады. Қақпаны өздігінен құлату оңай емес. Шамасы, оған балалар барып әдейі тартылуы мүмкін. Қалай болғанда да, полиция оның себептерін анықтайды", - дейді Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Мирас Омаров. Бұл Қостанай облысында соңғы бір ай ішінде футбол қақпасының балаларға құлаған екінші жағдайы болып отыр. Осы айдың басында Ұзынкөл ауданында дәл осындай қақпа құлауының салдарынан жасөспірім бас миының жарақатын алған еді. Осындай үрдіс соңғы жылдары жиі қайталанып жатқаны да жасырын емес. Мәселен, 2019 жылы құлаған қақпадан 16 жасар бала қатты жарақат алып, көз жұмған болатын. Айтпақшы, жоғарыда жасөспірім жарақат алған қақпаны мердігер мекеме барып бүгін мызғымыстай етіп дәнекерлеп тастапты. Сонда олар осыған дейін ай қарап отырды ма деген заңды сұрақ туындайды көкейде.

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылды
  • Massaget
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
Алматыдан 712 шақырым жерде жер сілкінді
  • Massaget
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
  • aqshamnews
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
  • aqshamnews
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
  • aqshamnews
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
  • aqshamnews
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
  • aqshamnews
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
  • aqshamnews
Екі облыста жол жабылды
Екі облыста жол жабылды
  • aqshamnews
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
  • aqshamnews
Доллардың бүгінгі бағамы
Доллардың бүгінгі бағамы
  • aqshamnews
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
  • aqshamnews
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
  • aqshamnews
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
  • aqshamnews
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
  • aqshamnews
  АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
  • aikyn
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
  • baq.kz
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
  • aqshamnews
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
  • el.kz
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
  • Massaget
  Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
  • aikyn
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
  • aqshamnews
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
  • el.kz
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды
  • baq.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қазақстан Первый канал кубогында үшінші ойынын өткізді
Қазақстан Первый канал кубогында үшінші ойынын өткізді
  • penalty
Қазақстан шорт-тректен Сеулдегі World Tour кезеңінде бесінші орын алды
Қазақстан шорт-тректен Сеулдегі World Tour кезеңінде бесінші орын алды
  • turkystan
Томас Тухель Коул Палмер туралы оғаш сұхбат берді:
Томас Тухель Коул Палмер туралы оғаш сұхбат берді:
  • sport12.kz
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
Қазақстан аралас жекпе-жектен әлемнің үздік құрамасы атанды
  • bassport.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды: 15 желтоқсан 2024, 17:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр: 15 желтоқсан 2024, 13:06 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
Батыс көшбасшылары Украинаға Еуроодақ әскерін жібермек
  • halyq-uni
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Елімізде автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» енгізілді
Елімізде автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» енгізілді
  • turkystan
Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды
Шымкентте 18 колледж директоры жазаланды
  • turkystan
Қостанай облысында миында сырқаты бар жігітті әскерге алып кеткен
Қостанай облысында миында сырқаты бар жігітті әскерге алып кеткен
  • halyq-uni
Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кеткен
Екібастұздағы ауруханалардың бірінде зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап кеткен
  • turkystan