UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жарыстың аталған сатысында 1/16 финалында жеңімпаз болған 8 команда қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған клубтар қосылды. Еуропа лигасының 1/8 финалындағы жұптардың тізімі: «Унион Берлин» - «Юнион» (Бельгия) «Севилья» (Испания) - «Фенербахче» (Түркия) «Ювентус» (Италия) - «Фрайбург» (Германия) «Байер» (Германия) - «Ференцварош» (Венгрия) «Спортинг» (Португалия) - «Арсенал» (Англия) «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Бетис» (Испания) «Рома» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания) «Шахтер» (Украина) - «Фейеноорд» (Нидерланды). 1/8 финалдық ойындар 9 және 16 наурыз күндеріне жоспарланған. Айта кетсек, Еуропа лигасының финалы 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.