Футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-турында Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қостанайдың «Тобыл» командасымен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кездесу барысында қарсыластар тартысты ойын өткізді. Жеңген жағдайда «Ордабасы» бас бәйгеге үміткер командалардан ұзап кететін еді. Аталған турда оларды өкшелеп келе жатқан «Ақтөбе» тең түссе, «Астана» қарсыласына есе жіберіп қойды. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалана білсе, «Ордабасы» турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсетін еді. Дегенмен ойын барысында екі команданың да есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен ол мүмкіндіктерді мүлт жіберіп алды. Нәтижесінде командалар 0:0 есебімен тең ойнады. Бұл кездесуден кейін «Ордабасы» «Ақтөбеден» сегіз, «Астанадан» тоғыз ұпайға озып тұр. Өзге ойындардағы нәтижелер төмендегіше: «Атырау» - «Ақтөбе» 0:0, «Қызылжар» - «Ақсу» 1:0, «Қайрат» - «Астана» 1:0, «Оқжетпес» - «Каспий» 3:3, «Қайсар» - «Жетісу» 1:1, «Мақтаарал» - «Шахтер» 3:1. Ұлттық құраманың 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы ойындарына байланысты ел біріншілігінде екі аптадан астам үзіліс болады. Енді алдағы тур ойындары 15 және 16 тамыз күндері өткізіледі.