Футзалдан Қазақстан құрамасы елордада Әзербайжанмен кездеседі

Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионаты элиталық іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Әзербайжанға қарсы өткізді.Кездесу елорда уақытымен 20.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ел құрамасы А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Румыния, Әзербайжан және Нидерланд. Ел құрамасы бұдан бұрын Румынияны 4:3, Нидерландты 2:0 есебімен жеңген еді. Сондай-ақ, сырт алаңда Әзербайжанды 4:2 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде қазақстандықтар өз тобында тоғыз ұпаймен көш басында келеді. Екінші орындағы Румынияның алты, Әзербайжанның үш ұпайы болса, Нидерланд әзірге ұпайсыз тұр. Ел құрамасы бұдан кейін 14 желтоқсанда өз алаңында Нидерланд құрамасымен кездесе, 20 желтоқсанда Румынияға барады. Айта кетсек, екінші іріктеу сатысында қазақстандық футзалшылар Черногория (7:0, 5:1) мен Словенияны (2:0, 3:3) артта қалдырып, өз тобында бірінші орын алды. Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді. 2024 жылғы қыркүйек-қазан аралығында әлем чемпионаты Өзбекстанда өткізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Қазақстандық Apple-да басшылық қызметке тағайындалды
Артық салмақтан арылғысы келген әйел косметологиялық клиникада көз жұмды
Тірідей жанып беткен бес баланың анасы бес жылға сотталды
Қанат СЕРІКҰЛЫ: Арманым ақиқатқа айналды
2024 жылы алматылық 13679 отбасы  үй алды
Қала құрылысы ережелері және әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету
Сейсмикалық қауіпсіздік – Алматының басты басымдықтарының бірі
Алматыдағы реновация бағдарламасы: ескі үйлердің орнына жаңа баспана
Алматыда былтыр жолаушылар көлігі жүргізушілерінің кінәсінен 6 адам қаза тапты
Тұрғын үй заңнамасын реформалау және «Отбасы банкінің» жаңа рөлі
Қазақстанда рекордтық тұрғын үй құрылысы жүзеге асырылуда
Еліміздің бес өңірінде әскери қызметшілерге арналған жаңа үйлер салынып жатыр
Өткен жылы Қарулы күштерде 50-ден аса модульдік ғимарат пайдалануға берілді
Каспий теңізінің экожүйесін қалпына келтіру жобасы жылдың екінші жартысында іске қосылады
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі