Гаитиде су тасқынынан 42 адам қаза тапты

Өткен демалыс күндері Гаитиде нөсер жауын салдарынан мыңдаған үй су астында қалды, 42 адам қаза тауып, тағы 85-і жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN-ге сілтеме жасап.Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпаратынша, қатты жаңбырдан соң Гаитиде бірнеше өзен арнасынан шығып, бұл өз кезегінде су тасқынына, тас және лай көшкініне әкеліп соққан. Су тасқыны салдарынан 13 300-ден астам адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды. Гаитидегі 10 департаменттің бесеуінде: Батыс, Ниппес, Оңтүстік-Шығыс, Солтүстік-батыс және Орталықта тағы 11 адам із-түзсіз жоғалды. «Үкімет ұлттық және халықаралық институттармен бірлесіп, жағдайды шешу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр», - деп жазды Гаити премьер-министрі Ариэль Анри Twitter парақшасында. Дүйсенбіде жауған жауын-шашынның салдарынан қаза тапқандар саны тағы өсті. Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шұғыл әрекет ету топтары мен көмек көрсету ұйымдары жұмылдырылды. Гаити гуманитарлық көмекке мұқтаж. Су тасқыны қаупі 1 маусымда басталған дауыл маусымында жалғасады деп болжанып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы