Британдық ғалымдар чат-боттарға жеке ақпаратты бермеу керек екенін айтты. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz. хабарлайды.Оксфорд университетінің (Ұлыбритания) информатика профессоры Майкл Вулдридждің айтуынша, CHatGPT сияқты чат-боттар "өте дәл" және пайдаланушы сұраған сұрауларды орындайды. Осылайша, бот болашақта басқа пайдаланушылардың сұрақтарына жауап беру үшін тұтынушылардың жеке мәліметтерін пайдалана алады. Сондықтан Вулдридж чат-боттардың қауіпті екенін ескертті. Соған сәйкес, қызмет жинаған барлық ақпарат сақталады және чат-боттың келесі буынына беріледі. Оның айтуынша, жүйеге кездейсоқ жүктелген құпия ақпаратты жою мүмкін емес.