Ғалымдар Covid-19 вакциналарының адам ағзасына тигізетін қаупін анықтады

Global Vaccine data Network ғалымдары Covid-19 вакцинасының адамның басқа ағзаларына қалай әсер ететінін зерттеді. Нәтижесінде ол неврологиялық бұзылыс пен жүрек, жұлын жұмысында қабыну тудыратыны анықталды. Вакциналардың басқа органдарға зияны үлкен зерттеу нәтижесінде анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardain порталына сілтеме жасап хабарлайды.Зерттеуге Австралия, Аргентина, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Жаңа Зеландия және Шотландиядан 99 миллионнан астам адам қатысты. Сарапшылардың сөзінше, Covid-19 вакциналарын тәуекелді шешім болған.Global Vaccine data Network зерттеушілері бірнеше электрондық медициналық жазбалардан Moderna, AstraZeneca, Pfizer вакциналарын алған адамдардың 13 ми, қан және жүрек ауруларының көрсеткіштерін талдады. Зерттеу Pfizer және Moderna вакциналары миокардит (жүрек бұлшықетінің қабынуы) және перикардит (жүрек қапшығының ісінуі) сияқты сирек жанама әсерлерді тудыруы мүмкін екенін растады. Сонымен қатар AstraZeneca вакцинасының Гильен-Барре синдромы (иммундық жүйе перифериялық жүйке жүйесінің жекелеген аймақтарына шабуыл жасайтын патологиялық жағдайы) және церебральды веноздық синус тромбозы (мидағы қанның ұйюы) сияқты сирек жанама әсерлермен байланысты екенін анықтады. "Сирек кездесетін жанама әсерлер туралы біз вакцинаны миллиондаған адамдарға қолданғаннан кейін ғана анықтай аламыз. Дегенмен ешқандай клиникалық зерттеу барлық сауалымызға беретіндей ауқымды бола алмайды. Сондықтан біз оның зиянын вакцинаны енгізгеннен кейін ғана біліп отырмыз", – деді Global Vaccine Data Network директоры, профессор Джим Баттери.Профессор Баттери сонымен қатар вакцина кері әсер етсе де науқастар әдетте қалпына келетінін алға тартты. Ал миокардиттің даму қаупі вакцинадан гөрі коронавируспен ауырған кезде өрши түседі екен. Сидней университетінің вакцина сарапшысы, профессор Джули Лиск те вакцинаға қарағанда вирус бұл ауруларды одан сайын қауіпті ететінін алға тартты. "Біздің мамандар вакциналардың ауыр жанама әсерлерге қандай жағдайда әкелетінін зерттеп, тиісті шараларды қабылдайды. Мәселелерді анықтайтын және оларды шешетін жүйеге сенім білдіру өте маңызды", – деп қосты Джули Лиск.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды